Путин Алматыдағы атыста қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

09:21, 21 қыркүйек 2021
145

© Сурет: kremlin.ru

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әңгіме барысында Путин Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пермьдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Владимир Путин өз кезегінде Алматыдағы атыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтатынын жеткізуді сұрады, - делінген Кремльдің ресми сайтында.

Сондай-ақ президенттер ҰҚШҰ мен ШЫҰ аясындағы соңғы көпжақты шаралардың жұмысын талқылап, қол жеткізілген уағдаластықтарға қанағаттанушылық білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!