Психотропты дәрі сатқан мейіргер жігіт ұсталды

11:20, 10 тамыз 2020

"Дәрмек" жедел-алдын алу іс шарасын өткізу барысында Өскемен қаласының аумағында психотроптық препараттарды сатумен айналысқан 1999 жылы туған азамат анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіт қаланың жеке наркологиялық клиникаларының бірінде мейіргер лауазымында жұмыс атқарып, психотропты препараттарға қол жеткізе отырып, қала аумағында одан әрі сату мақсатында құрамында психотроптық заттар бар препараттарды жасырын ұрлаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 298-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді ұрлау немесе қорқытып алу).

Осы қылмыстық өндіріс бойынша психотроптық заттармен жұмыс істеу Ережелерін бұзғаны үшін ұйымның психотроптық препараттарды сақтауға, есепке алуға, беруге және өткізуге жауапты лауазымды тұлғасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 303-бабы (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!