Прокурор Gelandewagen жүргізушісін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

17:18, 18 ақпан 2019

Алматыда үш адамның өмірін жалмаған жол апатына айыпты Ілияс Кар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін сотта белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл іс аяқталуға жақын қалды. Ілияс Кар мас күйінде көлік айдап, үлкен жылдамдықпен келе жатып жол апатына ұшырады. Карға қатысты барлық айыптаулар сот тергеуі кезінде дəлелденді. Алкогольді ішімдік ішкені де анықталды. Ілияс Карды жол апатына айыпты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын",- деді прокурор.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы оны 7 жылға көлік айдау құқығынан айыруды сұрады.

Ілияс Кар зардап шеккен үш тараптың материалдық шығындарын өтеген. Сотталушы тараптардың сұраған 10 млн теңге моральдық өтемақысының орнына 1 млн теңгеден ғана бере алатынын айтқан.

Сонымен қатар, мерт болған Бақытнұр Кұнапияұлының бауыры мен Айзада Сатыбалдиеваның күйеуі Бақыт Беделхан Ілияс Карды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді.

Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан болатын. Mersedes Gelаndеwagen көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам - Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар.

Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде жүргізген.

Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде жүргізген.

"Mercedes Gelandewagen" маркалы автомобиль жүргізушісі, 1985 жылы туған Кар Ілияс ҚР ҚК 345-бабы мен 347-бабы бойынша сот алдында жауап берді.

Айта кетейік, аталған жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушы - актриса Айзада Сатыбалдиева қабырғалары сынып, ауыр халде ауруханаға түскен болатын. Екі аптадан соң актрисаның беті бері қарап, үйіне шығарылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!