«Проблемалық несиелер қоры» АҚ директоры ірі көлемде ұрлық жасады

11:28, 6 желтоқсан 2019

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі – 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!