Президенттің жарлығымен белгілі саясаттанушы лауазымды қызметке тағайындалды

12:25, 22 шілде 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Қалиев Талғат Бегімұлы тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Талғат Қалиев - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттану ғылымының кандидаты, жуырда ғана құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына да енген.

Айта кетсек, 22 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында құрамында 33 штаты бар ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құруды бұйырған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!