Президенттен Павлодар облысының бесінші сынып оқушысы сыйлық алды

17:48, 24 ақпан 2021

© Сурет: Павлодар облысының әкімдігі

Екі апта бұрын Ертіс ауданының 5-сынып оқушысы Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын, деп хабарлайды zakon.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы оқушыға жауап берді. Хатты Мансұрға Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

- Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегіңді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, Отанымызға адал қызмет ететіңіне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр.
Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, - деді Президенттің жауап хатын оқыған әкім.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!