Президент шетелдіктерге жер сатуға салынған тыйымды заңдастыруды тапсырды

12:53, 25 ақпан 2021
161

© Сурет: ehonews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент қазақстандық жер телімін шетелдіктерге сатуға салынған тыйымды заңдастыруды тапсырды.

Ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң қабылдауды тапсырамын. Бұл шетелдік акциясы бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мұны Президенттің заңнамалық бастамашыл құзіретін пайдалана отырып, жедел түрде жүзеге асыру керек деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол:

- бір ай ішінде жер реформасы бойынша комиссия құрып, оның жұмысын 25 наурызда бастауды;
- 2021 жылдың тамыз айының аяғында жер реформасының негізгі мәселелері бойынша кешенді келісім түзуді тапсырды.

Комиссия жұмысының әр кезеңі және онда ұсынылған әр шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Негізгі міндеттердің бірі - комиссия жұмысының және шешім қабылдау кезеңін барынша ашық екенін көрсету. Біз қоғамның жерге қатысты барлық мәселелерін дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін, - деді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда жер ешқашан сатылмайтынын бірнеше рет мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір