Президент оқушы қыздарды қаққан жол-көлік оқиғасын өз бақылауына алды

23:13, 3 наурыз 2021
369

© Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізушінің төрт кішкентай қызды қаққан жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі", деп жазды ол Facebook-те.

Айта кетсек, 2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберілді.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!