Президент мыңнан аса оқушыға домбыра тартқызған Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

© Сурет: NIS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған Назарбаев зияткерлік мектебінің бұл мәдени іс-шарасы Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенім білдірді.
Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға атсалысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін, – делінген алғыс хатта.
Айта кетейік, Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте мың оқушы бір мезгілде домбыра тартты. Оны Гиннесс рекордтар кітабына тіркеу жоспарланып отыр. Ең ауқымды домбыра сабағына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті.
Мыңдаған оқушының орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.
Домбыра – әрбір қазақ үшін қасиетті аспап, ал біздің сабағымызды Гиннесс рекордтар кітабына енгізу – бұл домбыраны бүкіл әлемге паш ету.Айтжан Тоқтаған
Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілді. Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылап, бейнежазба аймағынан шыққан немесе қажетті әрекетті орындамаған топтағы кез-келген қатысушыны дисквалификациялау жұмысына жауапты болды. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қамтамасыз етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:37, 4 шілде 2022
Алматыдан Қонаев қаласына дейін электр пойызы қатынайды
-
17:28, 4 шілде 2022
Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады
-
17:15, 4 шілде 2022
Бұршақ, жел, шаңды дауыл: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
17:03, 4 шілде 2022
Доллар мен рубль бағамы түсті
-
16:49, 4 шілде 2022
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта: бас санитар дәрігер қаулы әзірлеп жатыр