Президент Қазақстанда волонтерлер жылы басталғанын ресми түрде жариялады

13:00, 10 желтоқсан 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда волонтерлер жылы басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Өздеріңіз білесіздер, мен келесі жылды волонтерлер жылы деп жарияладым. Бұл туралы бүгін айтылды. Шындығында, Жастар жылы өзінің дамуын әрмен қарай жалғастырады, - деді Тоқаев.

Ол волонтерлік - бұл Батыста пайда болған және бізге ешқандай қатысы жоқ қозғалыс екендігін айта келе, бірақ жақсы ниетпен бір нәрсе жасауға ерік білдіру біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға сәйкес келетінін баса атап өтті.

- Волонтерлік - жай тегін жұмыс емес, бұл азаматтардың жауапкершілігі мен олардың әлемді жақсартуға дайын екендігінің көрсеткіші. БҰҰ мәліметтері бойынша, волонтерлердің әлемдік экономикаға қосқан үлесі жыл сайын 400 миллиард доллардан асады. Волонтерлік тек бір реттік сенбілік пен экологиялық іс-шаралар,челлендж ретінде қабылдау қателік болып табылады. Ол өте маңызды және қажет нәрсе, сондықтан мен оны қолдаймын, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент ерекше қамқорлықты тек табиғат қана қажет етпейтінін, сонымен қатар оған айналадағы адамдар да зәру екенін айтты.

- Елімізде 700 мыңға жуық мүгедек адам бар, үкімет биыл оларды қолдауға 34 миллиардтан астам теңге бөлді. Мәселе қаржыландыруда ғана емес. Осы адамдардың барлығына ең құрымағанда аптасына бір рет 2 сағат уақытын бөлсе, жұмысқа қабілетті азаматтардың әрқайсысы әлеуметтік волонтерлікке жылына 10 сағатын арнаса. Бұл онша көп уақыт емес қой, бірақ одан да көп уақытын арнаса қандай жақсы болар еді, - деді Президент.

Ол волонтерлік қызметті ұлттық ауқымда ғана емес, сонымен бірге әр қала мен ауылда дамыту керек екенін баса атап өтті.

"Волонтерлер балаларға арналған ойын алаңын бояп, тұрғын үйдің кіреберістерін, қоқыс алаңын тазалай алады, қарт адамдарға, ерекше күтімді қажет ететін адамдарға көмектесе алады. Иә, біздің елде осындай жағдайлар көп, - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.

Бүгін елордада ЭКСПО павильондарының бірінде Мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Қазақстандағы волонтерлер жылының ашылу салтанатты шарасы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық жастар қатысты.

Рәсімнің өтетін орны кездейсоқ таңдап алынбаған. "ArtHUB" павильонында - шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылмақ. Бұл жастар жылының өзіндік мұрасына айналады.

Павильонның жалпы ауданы - 2,5 мың шаршы метр. "ArtHUB" жастар дайындаған LOFT форматында жасалынып, безендіруші қондырғылармен жасақталып, тақырыптық аймақтарға бөлінеді.


27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі - 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!