Президент қандай шенеуніктердің көзін құртатынын айтты

15:40, 12 желтоқсан 2019

Білігі жеткіліксіз, жетесіз шенеуніктер қызметінен босатылады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы әрбір лауазымды тұлға өзінің қазақ халқының бір бөлігі екенін және ел игілігі үшін жұмыс істейтінін ұмытпауы керек екенін баса айтты.

- Мемлекеттік билік жүйесіне менеджерлердің жаңа толқынын тарту қажет. Бірінші қадам жасалды, президенттік жастар резерві жасақталуда. Билігі қамқор елде әрбір азамат өзін қауіпсіз және шенеуніктердің бассыздығы мен біліксіздік әрекеттерінен әрдайым қорғаныста екенін сезінуі керек. Әрине, біз ондай шенеуніктерден бас тартып, жұмыстан шығарып отырамыз, - деді Тоқаев.

Президент халқымен санасатын мемлекет тұжырымдамасы бюрократияны барынша болдырмауға және цифрландырудың арқасында барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге сүйенетінін баса айтты.

Бүгін Ақордада Тоқаев өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым саласының қызметкерлерінен тұратын 39 адамды марапаттады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!