Президент Есілдің жағасына дұрыс көңіл бөлінбей отырғанын сынға алды

16:36, 31 қаңтар 2023

© Сурет: pixabay

Астана тұрмысқа жайлы шаһар болуы керек. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы 31 қаңтар күні қаланы дамыту жөніндегі жиын барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, ең алдымен, қаланы дамыту тұжырымдамасын қайта қараған жөн. Қазір Астанада саябақтар жетіспейді. Тұрғындар серуенге шығатын, демалатын орындар аз.Бірақ қала әкімдігі мұны ескермей, құрылысқа рұқсат береді. Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады. Саябақтарды, жаяу адамға арналған көшелерді көбейту қажет.

"Қаланы жоспарлаған кезде мұның бәрін алдын-ала ойластыру керек" деген Мемлекет басшысы Есілдің жағасына дұрыс көңіл бөлінбей отырғанын, .осы орайды көрші елдегі Қазан қаласының тәжірибесін зерттеп көруге болатынын тілге тиек етті.

"Бұл қаланың көшелері, саябақтары және жағалау алаңдары өте әдемі және тартымды. Біздің мақсатымыз – Елордамызды жылдың кез келген мезгілінде халқымызға және шетел адамдарына барынша қолайлы ету, Астананың келбетін мейлінше жақсарту", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек екенін, мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет екенін баса айтты.

"Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ.Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек".Қасым-Жомарт Тоқаев


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!