Президент бүгін жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысады

17:17, 28 мамыр 2020

Бүгін, 28 мамырда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шараға қатысады, - деп хабарлайды zakon.kz.

БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді. Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр", - деді Берік Уәли.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!