Премьер-министр қырсық әйелі үшін шыр-пыр болып, сұқбат берді

12:25, 20 тамыз 2019
82

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Киев әуежайындағы әйелінің біртүрлі қылығын түсіндіріп, сұқбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, жақында Израиль премьер-министрі Биньяминнің әйелі Сара Нетаньяху Киевке ұшып шыққан ұшақтың ішінде-ақ шу шығарған. Ал Украинаның әуе-жайында ұлттық дәстүрге сай өздеріне кертіліп ұсынылған нан қиқымын ол аузына апармай, жерге тастай салған. Саясаткердің қырсық әйелінің бұл қылығын әлемдік БАҚ-тар шуласа жазып, оны дөрекілікке балаған.

Оқи отырыңыз: Әуежайда премьер-министрдің қырсық әйелі нанды лақтырып, шу шығарды

"Мен Украинаға бардым. Бұл - тарихи оқиға негізі. Бірақ "нанға қатысты дау" болмағанда оны әлем БАҚ-тары осылай шулатып жазар ма еді, оған үлкен күмәнім бар. Одан соң мынаған баса назар аударыңыздар. Украина президенті әкімшілігінің басшысы не дегенін білесіздер ме? "Түсінікті ғой, Сара Нетаньяху ханым, Украинаға қыр көрсетейін деп тұрған жоқ. Оның бәрі бос сөз" деп кесіп айтты. Дұрыс айтады. Оның үстіне қосып айта кетейін. Менің әйелім үстіндегі көйлегін Украина туының түсіне әдейі сәйкестендіріп киіп барды. Ол ұшақтан көгілдір-сары түстегі көйлекпен түсті. Украинаны сыйлағандықтан солай етті ол.

Басты мақсат орындалды. Еркін сауда аймағы туралы келісімді, Украинаның Иерусалимдегі өкілдігін танытатын және басқа да мәселелерге әлем назарын осылайша аударта алып жатсақ, солай-ақ болсын! Одан ұтпасақ, ұтылмадық қой. Бұл маған кезінде Израильге келген Жапония премьер-министрінің тарихи сапарын еске салады. Оның сапарын ешкім жазбады, бірақ ол жапон инвестициясын керемет өсіріп жіберген. Ол кезде де қонақтың тарелкесіне салынған тамақ туфли түрінде безендірілгені сыналып, шу болған. Не дейміз енді? Сол секілді біз де әлемнің назарын аудартатын бір амал ойлап тапқан секілдіміз...", - дейді видеода әйелінің дөрекі қылығын дәлелмен ақтап, қулана күлген Израиль Премьер-министрі.


Источник: zakon.kz


Пікір