Праймериз жаңа сипатты буынды іріктеп шығаруы керек – Сырымбек Төлеу

11:01, 22 қыркүйек 2020

Халық осы жолы заң шығару органдарынан жаңа есімдерді, жаңа тұлғаларды көргісі келеді. Саясат сахнасына елінің болашағын ойлайтын, қоғам алдында бұған дейін көрінбеген тұлғалар келсе халық тарапынан депутаттарға деген сенім артады. Ең маңыздысы, нағыз бәсеке болып, жаңа жобалар мен идеяларды алып келетін адамдар іріктелуі керек.

Осы орайда менің көтеріп отырған бірінші көкейтесті мәселем - жалпы елімізде басқа елге қоныс аударып, басқа елдің азаматтығын алып жатқан адамдар жыл сайын көбейіп жатыр. Оның ішінде білімді жастар да, басқа да азаматтарымыз бар. Бұл мәселенің алдын алу үшін экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымызды жақсылап дамытып, азаматтарымызға жағдай жасап, елімізге қызмет істеу үшін ыңғайлы жағдай жасаумыз керек. Осы бағытта оңтайлы саясат жүргізуіміз қажет.

Бұл бір мәселе. Одан кейінгі мәселе – көші-қондағы теріс сальдоның орын толтып, аталмыш бағыттағы орын алуы мүмкін басқа да кері жағдайлардың алдын алу үшін шетелдердегі қандастар ахуалына басым назар аудару орынды болмақ. Қазақстанның азаматтығын қабылдағысы алайын деген ниеті бар қазақтар өте көп. Моңғолия, Қытай, Өзбекстанда тұратын қандастарымыз ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, жатқан қандастарымызды өз елімізге келетін болса ауыл шаруашылығындағы жағдай біршама жақсарар еді.

Қазір пандемия кезінде бәріміз байқап отырмыз, үлкен супермаркеттер, ресторандар, шаштараздар жабылады. Оның түгелі әрине бізге керек нәрсе.

Ал, ең керегі - ауыл шаруашылығының дамуы.

Ертең ауыл шаруашылығымызды дамытпасақ экономикамыз дағдарысқа ұшырап, жағдайымыз қиындауы мүмкін. Ондай жағдайды өткізбеу үшін осы саланы жақсылап қолға алып, жақсартуымыз керек. Ол үшін тәжірбиелі шетелде тұратын қандастарымыз өте көп.

Соларды елге шақырып, азаматтық алу мәселесін қарастырып, жағдайын жасап, осы саланы дамытуға болады. Бұл бірінші мәселе болатын.

Екінші мәселе баспана жайына қатысты. Елімізде жастар деген ұғымды 35 жасқа дейін қарастырып еңгізуіміз қажет. Себебі, елімізде және әлемде болып жатқан жағдайда қазіргі жастар кеш отау құрады. Нәтижесінде кеш балалы болады. Сол себептен 35 жасқа дейін ұзартуды қарастыруымыз керек.

Сонымен қатар, 7-20-25 бағдарламасы жақсы жұмыс істеп жатыр, бірақ өзгерістер еңгізу керек деп санаймын.

Не себептен өзгеріс керек?

Мысалы, бір азаматымыз белгілі бір салада жұмыс істейді. Оның жалақысы 150-200 мың шамасында жалақы алады. Қазір пәтер жалдап тұрып жатыр делік. Олар пәтерді алу үшін 3-5 млн теңге көлемінде қаражат жинайды. Содан ол пәтерді алған соң ремонт жасау керек. Ол да тағы 2-3 млн теңге. Ремонт жасаған соң, оған пәтердің ішкі дүниелері, тағы басқа да заттар алу керек. Шамамен 10 млн теңгедей қаражат жинау қажет болады. Ал қазіргі қарапайым жалақымен ол ақшаны жинау өте қиын. Сол себептен жастар категориясына кіретін жас шамасын ұайта қарап, олардың баспана жайына қатысты талаптарды өзгерту қажет деп ойлаймын.

Тек қана жаңа салынған үйлерді емес, екінші қолдан алынып, қолданыста жүрген үйлерді де осы 7-20-25 бағдарламасына қатыстыруға жағдай жасау керек.

Сырымбек Төлеу,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз-хатшысы,

ҚР Парламент мәжілісінің депутаттық үміткер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!