Porsche Cayenne мінген театр директоры екі көлікті соқты

14:42, 17 шілде 2019
141

Оралда Porsche Cayenne автокөлігін тізгіндеген қаздрама театрының директоры екі автокөлікке соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Жәңгір хан көшесіндегі Жазира аялдамасында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Porsche Cayenne көлігі Renault мен Toyota-ны соққан. Екі жүргізуші қымбат Porsche-нің рөлінде Қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов болды десе де, директор "МГ" тілшісіне өзі рөлде отырғанын мойындамай қойыпты.

Кейінірек директор ел-жұртты алдай алмайтын түсініп, бәрін мойындапты.

- Абайсызда солай болды. Көлік рөлінде мен болдым, жаңбыр жауып тұр еді. Жол тайғақ, тоқтап үлгермедім. Мазасызданатын ештеңе жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ қой. Мен бір көлікті ғана сәл соқтым, - деді Қуаныш Амандықов.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, апат салдарынан екі адам жарақат алған.



Источник: zakon.kz

Пікір