Польша поштасы EXPO 2017 көрмесіне арналған марка шығарды

08:15, 22 қазан 2017
507

Бұл туралы Facebook-тегі EXPO 2017 Astana парақшасында хабарланды.

«Бұл оқиға достықтың белгісі іспетті әрі Польшаның Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуды қалайтынын көрсетіп отыр. Маркалардың таралымы – 120 мың дана. Пошталық марканың ортасында қазіргі заманғы Қазақстанның символы Бәйтерек орналасқан. Астанада Польша поштасы Қазақстан поштасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», – делінген хабарламада.

«Ең алдымен айтатыным, мен Қазақстандағы EXPO көрмесінен ерекше әсер алдым. Мөлдір әйнектен жасалған едені бар шар тәрізді орталық ғимарат тілмен жеткізуге болмайтын әсерде қалдырды. Ұйымдастыру жағы да жоғары дәрежеде, әсіресе логистика. Бәрі де өте кәсіби деңгейде өтті», – деді польшалық поштаның басқарма мүшесі Павел Сковоротко.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!