Полина Андроповаға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері күйсандық сыйлады

20:31, 20 қаңтар 2017

Шахан кентінде болған апат кезінде ата-анасы мен бауырынан бірдей айырылған 9 жасар Полина Андроповаға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері күйсандық сыйлады.

Полина музыка мектебінде оқиды. Үй құлаған кезде пианиносы үйінді астында қалып қойып, ол жаңасын әперуді өтінген еді. 

Ассамблея мүшелері Полинаның тілегін жерге тастамады. 

Қазір бүлдіршін әжесінің қолында. Музыкалық аспапты да сол үйге апарып берді. 

Айта кетейік, бүгін Шахан кентінде қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы қорға түсіп жатқан ақшаны мақсатты жұмсаудың жай-жапсары талқыланды. 

Әзірге бір ғана тұрғын жаңа баспанаға ие болған. Ол жарылыс кезінде жақындарын жоғалтқан Алексей Алексиенко. 

Сол қаралы түні оның жұбайы мен баласы мерт болған еді. Қалған тұрғындар әлі де пәтер іздеп жатыр.  

Жамала Мамерханова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы  

-Бүгінгі күні тек бір ғана сатып алу келісімшарты жасалды. Алексиенколар жанұясы Шахтинск қаласынан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бүгін ақшасын толық төледік.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!