Полиция бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

10:58, 13 желтоқсан 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады.

Ер адам атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген.

Яғни қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!