Полиция бүгін-ертең екі күн бойы халықты "жолда қабылдауға" кірісті

11:26, 18 қазан 2019
88

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша, бүгін еліміздің барлық облыстарында халықпен тығыз қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында "Жолда қабылдау" акциясы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күнге жалғасатын іс-шараның барысында еліміздің тұрғындарының Департамент басшыларына тікелей сұрақ қою арқылы өздерін мазалайтын мәселенің түйінін шешуге мүмкіндігі бар.

Егер акция өткізіліп жатқан жерге келе алмасаңыздар, әлеуметтік желілер арқылы сұрақтарыңызды қойып, жауап алуларыңызға болады, делінеді ресми хабарламада.


Источник: zakon.kz


Пікір