Полицей Алматыдағы полиция департаментіне жасалған шабуылдың мән-жайын айтты

16:53, 18 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматылық полиция қызметкері ПД-не жасалған шабуыл туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда әріптестерімен бірге департамент ғимаратын қалай қорғағандарын айтып берді.

5-і күні кешке арнайы жоспар жарияланғаннан кейін біз Алматы полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарын күзетуге арналған бекеттерде тұра бастадық. Біздің міндетіміз – лаңкестердің ПД ғимаратына енуіне және олардың қару-жарақты иеленуіне жол бермеу болды, өйткені азаматтардың және жалпы елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрды.Ақтан Зайнолда

Полиция қызметкерінің мәліметінше, шабуыл жасағандар арнайы дайындығы бар шабуылдаушылар болған.

Лаңкестер жақсы дайындалған. Ғимарат 4-5 жақтан шабуылға ұшырады. Оған қоса, департаменттің жанынан көлікпен жүріп, біздің назарымызды басқа жаққа аударды. Содан кейін қылмыскерлер бұл көліктерден оқ жаудырды. Менің орным түні бойы қарулы шабуылға тойтарыс берген үшінші постта болды. Әр полиция қызметкерін жауынгерлік позицияларға бөлдік.Ақтан Зайнолда

Абырой болғанда, қылмыскерлермен болған бұл шайқаста полицейлердің ешқайсысы қаза тапқан жоқ. Капитан бұл уақытта жеке қауіпсіздігінен бұрын азаматтардың қауіпсіздігін басты орынға қойған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!