Әскердегі киберқалқан

13:53, 22 қазан 2020
1232

Қазақстанның Қарулы Күштері киберкеңістік саласында ұлттық әлеуетті қалыптастыру және «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Mail.KZ.

Күн сайын әлемдегі барлық сала миллиондаған кибершабуылдармен бетпе-бет келіп отырғандықтан, осы бағыттағы кешенді жұмыстың қажеттілігі туындап отыр. 

2020 жылы Қорғаныс министрлігі киберқауіптерді танудың жаңа жүйелерін, мақсатты шабуыл анализаторларын, вирусқа қарсы қауіпсіздік орталығын және басқа да бірқатар жүйелерді іске қосты. 

Таяудағы үш жылда, яғни 2021-2023 жылдары Қарулы Күштердің ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелерін қазіргі заманғы бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдармен, ақпаратты қорғау жүйелерімен толық қайта жарақтандыруды жүргізу жоспарлануда.

Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге сараланған тәсілдер белсенді енгізілуде, ақпаратты беру арналарына тиянақты мониторинг және киберқауіпсіздік инциденттеріне уақтылы ден қою жүргізілуде. Әскери мақсаттағы қорғалатын ақпараттандыру объектілеріне бағытталған киберқауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және алдын алу рәсімдерін сапалы жаңа деңгейге шығаратын ақпараттық қауіпсіздіктің ведомстволық жедел орталығын құру бойынша жұмыс жоспарланып, жүргізілуде.

Семинарларға қатысып, ғылыми-зерттеу конференцияларын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі конференцияларды үнемі өткізу әскери ғалымдарға кибер индустрияның соңғы тенденциялары мен ғылымды дамыту векторлары туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Киберқауіпсіздіктің өзекті проблемалары мен қатерлері бойынша ғылыми зерттеулер жүйелі негізде өткізілуде.

Киберқауіптерге уақтылы ден қою үшін қорғаныс ведомствосымен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзара іс-қимылы ұйымдастырылған.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!