Плагиат дауына іліккен Білім вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен босатылатын болды

09:57, 8 қараша 2019

ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан ҚР Білім вице-министрі Фатима Жақыпованың қызметінен босату үшін нақты шаралар келісіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, 7 қараша күні Сенатта сенатор Еділ Мамытбеков Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын. Ол плагиаты екі бет дәлелденген Жақыпованың мекемесі бүгіндері үн-түнсіз отыруы барып тұрған бассыздық деп айтқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!