Петропавлда жылу таратқыш құбырдан ақау шықты

10:21, 16 қаңтар 2017
241

Петропавлда тағы да апат болды. Бұл жолы төрт бірдей көп-қабатты тұрғын үйдің мыңдаған тұрғыны мен облыстық балалар ауруханасы жылусыз және ыстық сусыз қалды. Шаһарда төтенше жағдай орын алып, жылу таратқыш желі істен шықты, деп жазады Хабар 24 арнасы.
 
Оқыс оқиға Советская көшесінде болған. Салдарынан жақын маңдағы көшелерді су басып, жол көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазір оқиға орнында екі бригада яғни 20-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Энергетиктер апатты жақын арада қалпына келтіреміз деп отыр.
 
Игорь Рыбас, «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас директоры:
 
- Құбырдың әбден тозығы жеткен. Бірінші кезекте аурухана мен жеке сектордағы үйлерді басқа желіге ауыстырамыз. Бәрі жақсы болса, 2-3 сағаттың ішінде олқылықтың орнын толтыруды жоспарлап отырмыз.
 
Фото: 24.kz

Дереккөз: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!