Петропавлда жылу таратқыш құбырдан ақау шықты

21:02, 15 қаңтар 2017

Петропавлда тағы да апат орын алды. Бұл жол төрт бірдей көпқабатты тұрғын үйдің мыңдаған тұрғыны мен облыстық балалар ауруханасы жылусыз және ыстық сусыз қалды.

Шаһарда төтенше жағдай орын алып, жылу таратқыш желі істен шықты. Оқыс оқиға Советская көшесінде кешкі сағат 17:00 кезінде орын алған. Салдарынан жақын маңдағы көшелерді су басып, жол көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Қазір оқиға орнында екі бригада, яғни 20-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Энергетиктер апатты жақын арада қалпына келтіреміз деп отыр.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Игорь Рыбас: «Құбырдың әбден тозығы жеткен. Бірінші кезекте аурухана мен жеке сектордағы үйлерді басқа желіге ауыстырамыз. Бәрі жақсы болса, 2-3 сағаттың ішінде олқылықтың орнын толтыруды жоспарлап отырмыз», – деп мәлімдеме жасады.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!