Петропавлда жолдағы тәртіпті полицей әйелдер қадағалайды

15:38, 24 маусым 2017

Петропавл қаласында әйелдер взводы құрылды.

Енді жол қозғалысын ер азаматтармен қатар қыз-келіншектер де реттейді. Көше қиылыстарына бірінші рет 10 нәзік жанды шығып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол көрсетті. Бұл Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шара. Бұрымды тәртіп сақшылары жол реттеу ережесін 1 ай бойы үйреніп, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз орындады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!