Петропавлда менингит деген күдікпен ауруғана түскен ер адам қайтыс болды

10:01, 10 қазан 2018
280

Петропавлдағы 1-қалалық аурухананың инфекция бөлімінде ер адам қайтыс болды деп хабарлайды sn.kz.

Ер адам ауруханаға 27 қыркүйек күні бас-ми жарақатымен түскен. Сондай-ақ дене қызуы да жоғары болған. Кейін оның 10 қыркүйекте түрмеден босап шыққаны анықталды.

Дәрігерлер оған бас-ми жарақатынан бөлек менингит болуы мүмкін деп диагноз қойған. Кейін ақ халаттылар науқастың қанынан менингококк инфекциясы шықпағанын мәлімдеді.

9 қазан күні өткен жиында ер адамның ауруханада қайтыс болғаны айтылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!