Петропавлда құс етінен сальмонеллез қоздырғышы анықталды

11:44, 24 сәуір 2018

Солтүстік Қазақстан облысында құс еті құрамында сальмонеллез қоздырғышы бары анықталып, ол шаһар шетіндегі полигонда өртелді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары қаладағы сауда орындарында арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп, адам денсаулығына қауіп төндіретін өнімдерді анықтады.

Ал бұл тауарлар Петропавлға Ресей, АҚШ және Ақмола өңірінен жеткізілген.

Қазір сауда сөрелерінен 5 келіден астам қауіпті өнім тәркіленді.

Самат Қазанбаев, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы: - Қазір бұл фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Егер сатушының қателігі расталса, оған ҚР Әкімшілік кодексі 425-бабы, 1-тармағына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл – 48 мың 100 теңге.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!