Петропавлда балықтан адам ағзасына қауіпті құрттар табылды

09:00, 19 қыркүйек 2018

Солтүстік Қазақстанда екі бірдей минтай балығынан құрт шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұны облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая хабарлап отыр. Оның айтуы бойынша Петропавл қаласының тұрғыны облыс орталығындағы сауда орындарының бірінен балықты сатып алып, пісіріп жеп жатқанда кезде оның ішінен бірнеше құртты анықтаған. Ал дүкен басшысы болса, бұл өнімдерді тасымалдаушыға қайтарып берді.

Айта кеткен жөн, 7-8 тонна балық көршілес Ресей елінен әкелінген.

«Сондықтан бұл партияны тексеру қажет. Өйткені бұл адам денсаулығына аса қауіпті болуы мүмкін», - дейді Надежда Дубовая.

- Жәбірленуші сатып алған балықтарды санитарлық эпидемиологиялық станцияға апарған. Зертханада тексеріс жұмыстарын жүргізген мамандар анизакид, скребни және дифиллоботриоз паразиттерін анықтады. Қазір тиісті органдар осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстарын бастамай отыр. Сондықтан енді біз прокуратураға шағым түсіретін боламыз, - дейді тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!