Петропавлда аялдамада ұйықтап қалған шенеунік қызметінен босатылды

17:11, 26 қаңтар 2022
208

© Сурет: pixabay

Петропавлда мас күйде аялдамада ұйықтап қалған шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ratel.kz сайтының мәліметінше, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша департамент басшысы Абай Балабековке қатысты іс тәртіптік кеңесте қаралған.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Автобус аялдамасында алаңсыз ұйықтап жатқан мемлекеттік қызметшіні патрульдік полиция тауып алған. Онлайн өткен кеңесте айыпты жүрек талмасы болған себепті көшеде жатқанын айтып ақталды.

Мен бала кезден жүрек ауруына шалдыққанмын, диспансерлік тіркеуде тұрмын. Тыныс алу жолдарында да ақау бар. Үйге бармақ болып такси шақырттым, келмеді. Автобус аялдамасында қоғамдық көлік күттім. Сағат 22.00 шамасы болатын. Спирттік ішімдіктен бар-жоғы 300 грамм алған едім. Аялдамада көзімді жай ғана жұмып жатқан едім. Полиция тап болды.Арман Балабеков

Алайда медициналық куәландыру шенеуніктің спирттік ішімдікке тойып алғанын көрсеткен. Тәртіптік кеңес мүшелері оны қызметінен босату жөнінде ұсынысты дауысқа салды.

Кеңес төрағасы жұмыстан босатуды ұсынған. Нәтижесінде оған бірауыздан дауыс берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!