Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

23:02, 28 қараша 2022

© Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары Байдалы ауылының маңында жол үстінен жараланған құсты байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала патрульдік полиция батальонының инспекторлары жақындап келіп, құстың қанаты зақымданғанын байқайды.

"Сыртта минус 30 градус аяз. Құсты қызметтік көліктің салонына кіргізіп, оны жылыту үшін үстінен күпәйке жауып қойдық. Содан кейін орманшыларға хабар бердік", – деді полиция аға лейтенанты Қасым Қабдрашитов.

Орманшылар құсты қабылдап, орман шаруашылығына жеткізді.

"Онда олар құсты тексеріп, ем тағайындады. Ертең таңертең бүркітті көруге барамыз", - дейді полиция капитаны Аманай Әубәкіров.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!