Павлодарлық полицейлер бір аптаның ішінде 70-тен астам ұрлықтың жолын кесті

09:44, 10 желтоқсан 2018
404

Көп қабатты үйлердің аулаларын патрульдеу барысында павлодарлық полицейлер бір аптаның ішінде есіктері жабылмаған, терезелері мен багаж бөліктері ашық қалған 70-ке жуық автомашинаны анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

- Мысалы, Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында «Мерседес» маркалы автокөлігінің есігі ашық қалған. Салонның ішінде көрінетін жерде тері бұйымдары мен басқа да бағалы заттар болған. Бұдан басқа, «Тойота Каролла» автокөлігінің иесі қымбат телефон мен құжаттарынан айырылып қала жаздады. Полиция қызметкерлері автокөліктердің иелерін анықтап, олармен алдын алу әңгімелерін жүргізген, - дейді департаментте.

Полиция қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильді зақымдау қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретінін еске салады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!