Павлодарлық баладан коронавирустың нигериялық «Eta» штаммы анықталды

15:31, 23 қыркүйек 2021
203

© Сурет: Pixabay

Павлодарда баладан коронавирус инфекциясы мутациясынан туындаған жаңа штамм анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан КВИ-дің нигериялық «ЕТА» штаммы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан, - деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

Ол кезде Алматыға бес сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен "Дельта" штаммы анықталды, - деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде КВИ жұқтырған 943 адам ауруханада ем қабылдауда. Реанимациялық орындарда 82 адам жатыр. Сондай-ақ бүгінде КВИ анықталған 205 бала бар. 53 бала ауруханада емделуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!