Павлодарда жүргізілген арнайы операцияның видеосы желіде жарияланды

14:48, 18 мамыр 2020
407

Павлодарлық жедел уәкілдер әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамыр күні арнайы жүргізілген іс-шара барысында полиция қызметкерлері интернетте алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар келесі схема бойынша жұмыс жасаған:

Колеса және OLX веб-сайттарына автомобиль бөлшектерінің арзан бағамен сатылатыны туралы жарнамалар орналастырған. Тапсырыстарды қабылдап, банк картасы арқылы тауардың толық сомасын алдын ала төлеуді сұрап, затты курьер арқылы жіберуге уәде береді. Ақшаны алған соң, қаскүнемдер біраз уақыт курьердің нашар жұмысын сылтауратып, уақытты ұзартады да, кейін мобильді телефонды толықтай өшіреді. Алаяқтардың қармағына 10 сатып алушы түсіп үлгерген. Жоқ тауарды сатып алу көлемі 40-100 мың теңге аралығында болды.

Күдіктілердің бірі Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қаралған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде – “Алаяқтық”.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!