Павлодарда 18 жастағы жігітті итше тепкілегендер ұсталды

22:17, 14 шілде 2020

18 жастағы павлодарлық баланы ұрып-соққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар қаласында орын алған қатыгез соққыға жыққан күдіктілер тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

Қазіргі уақытта 19 жастағы облыс тұрғыны Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды.

Екіншісіне қатысты кәмелет жасқа толмағанын (17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жалғасып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!