Павлодарда 21 жасар жігіт өлі күйінде табылды
Павлодар облысында жоғалып кеткен 21 жасар Әнуар Мұқанов өлі күйінде табылды. Бүгінгі таңда екібастұздық азаматтың туыстары қайғылы оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Солнечный кентінің әкімі Маржан Алшымбаеваның айтуынша, жас азаматтың жоғалып кетуі туралы ақпарат үстіміздегі жылдың 11 тамызында түскен.
«Біз іздеу жұмыстарын полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп жүргіздік. Оның мүрдесі жексенбі күні түстен кейін табылды», - дейді кент әкімі.
Әнуар Мұқанов жергілікті №2 мемлекеттік аумақтық электр станциясына қарасты кәсіпорында өрт сөндіруші болып еңбек етеді. Қайтыс болған жігіттің ағасы Бауыржан Рахатовтың хабарлауынша, Әнуар бұл қызметті бір жыл бойы атқарып келеді.
«Ол 2-МАЭС-ның су қоймасына тәуліктік кезекшілігін атқаруға кеткен болатын. Менің ойымша, ол жұмыс бойынша нұсқаулықтан өтпеген. Себебі суда жүзе алмайтын адамды кезекшілік атқаруға жіберуге болмайды. Өкініштісі сол, құтқарушалыр отыратын шағын ғимаратта тағы адамдар болған. Олар ішімдік ішкен көрінеді. Әнуар темекі шекпейді, арақ ішпейді де», - дейді Бауыржан Рахатов.
Ә. Мұқановтың туыстарының айтуынша, ол кешкі сағат 17.00-де достарына қоңырау шалған.
«Әнуарды алмастыруға келген әріптесі құтқарушылар үйшігінің ішінен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерін мас күйінде тауып алған. Бұл үйшікте інімнің қымбат сағаты мен ұялы телефоны жатты. Оның денесі екі күн өткен соң су қоймасынан табылды», - дейді Бауыржан Рахатов.
Әнуар Мұқанов – отбасының тұңғышы. Жас азаматты жерлеу рәсімі ертең Екібастұз қаласында өтеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:23, 24 сәуір 2024
Елдегі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі
-
18:09, 24 сәуір 2024
Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті
-
17:24, 24 сәуір 2024
Паркингтерде электр көліктерді қуаттандыруға арналған стансаларды орналастыруға рұқсат етілді
-
17:13, 24 сәуір 2024
Атырау облысының полициясы егіз баланы зорлау фактісіне қатысты тың мәліметпен бөлісті
-
17:13, 24 сәуір 2024
Атырау облысының полициясы егіздерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы тың мәліметтермен бөлісті