Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді

09:43, 24 мамыр 2018

Павлодарда Усолка өзеніне 11 жастағы бала құлап кетті, деп жазады stan.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушылар құтқарған. Олар баланы жылытқан соң, туыстарына хабарласып, қолына табыстады.

«Сағат 19.14-те оқушы өзеннің маңында серуендеп жүріп, желдің екпініне қарсы тұра алмай суға құлап түскен. Оқиға «Дельфин» құтқару станциясының маңында болған. Қасында болған үш жеткіншек шошып қалған болар, сол жерден қашып кетті», – деді ТЖД жедел іздеу жасағының басшысы Серік Шериязданов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!