Павлодарда заманауи оқу-сауықтыру лагері ашылды

20:00, 18 тамыз 2017

Ертіс өңірінде «Балдәурен» атты заманауи оқу-сауықтыру оқушылар лагері ашылды. Жаңа ұйым бұрынғы Мичурин балалар үйінің орнында орын тепкен.

Бұған дейін балалар үйінде тәрбиеленген ұл-қыздардың барлығы қамқорлыққа алынды. Нәтижесінде мекемені жауып, қызметін өзгерту шешілген. Бұрынғы ұйымның ұжымы қысқартылған жоқ, ал медицина қызметкерлерінің қатары артты. Бұл жерде бір жылда үш мыңға дейін бала тыныға алады. Көршілес облыстардың оқушыларын қабылдауға да қауқары бар.

Айта кетейік, балалар үйінің аумағында бес алып корпус бар. Жеткіншектердің толыққанды демалып, сауығуына қолайлы жағдай жасалған. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!