Павлодарда Усолка өзенінен 11 жастағы бала құтқарылды

17:22, 23 мамыр 2018
395

Павлодарда Усолка өзенінен 11 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Сағат 19.14-те оқушы өзеннің маңында серуендеп жүріп, желдің екпініне қарсы тұра алмай суға құлап түсті, - деді ТЖД жедел іздеу жасағының басшысы Серік Шериязданов.

– Оқиға «Дельфин» құтқару станциясының маңында болған. Қасында болған үш жеткіншек шошып қалған болар, сол жерден қашып кетті.

Баланың көмекке шақырып жатқан дауысын 200-250 метр қашықтықта жүрген құтқарушылар естіген. Құтқарушылар жеткіншекті жылытқаннан кейін әпкесіне хабарласып, қолына тапсырған.

Назым Қарабаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!