Павлодарда техникалық дүкеннен білдіртпей зат ұрлаған күдікті видеоға түсіп қалған

13:40, 29 қазан 2020

Павлодарлық тұрғын тұрмыстық техника дүкендерінің бірінен ұрлық жасағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын қаланың тұрмыстық техника сатумен айналысатын мамандандырылған дүкендерінің бірінің қосалқы бөлмесінен үтік ұрлаған. Полиция қызметкерлері сауда үйінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, аталған азаматтың жеке басын анықтады.

Үтік ұрлаған азамат бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл факт бойынша қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!