Павлодарда сыған әйел басыңдағы дуаны қайтарам деп зейнеткердің 600 мың теңгесін алып алған

15:45, 19 қазан 2017
544

Павлодар тұрғыны 600 мың теңгесін сыған әйелге беріп алданып қалды. Балгер оның басындағы дуаны қайтармақшы болыпты, деп жазады stan.kz.

Зейнеткер әйел сығанның есігін тоқылдатып, су сұрағанын айтады. Су ішіп болған соң ол зейнеткерга «басыңды оқытып қойған» деп алдайды. Ол дуаны қайтара алатынын да ескертеді. Зейнеткер оның айтқанына келіседі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, балгер әйел матаның астына зергерлік бұйымдар мен ақша салып, оны өзі кеткен соң ашуы керек екенін айтады. Оның дегенін бұлжытпай орындаған зейнеткер ақшасы мен қымбат бұйымдарынан айырылып, алданып қалғанын кеш түсінеді.

Полицейлер сыған әйелдің арбауына түскен өзге де жәбірленушілерді іздеуде.

Фото: stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!