Павлодарда соққан дауыл көптеген ғимаратты шатырсыз қалдырды

17:41, 23 мамыр 2018
389

Павлодар облысындағы ауылды жерлерде қатты желдің салдарынан мектеп, жеке ЖШС, дүкен, электр желісі кәсіпорындарының шатырлары қирап, екі көлік зақымданды. Дауылда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 мамырда 10.20-да Железинск ауданындағы Железинка ауылында қатты желдің салдарынан (жылдамдығы 16 м/с) №2 орта мектептің 15 шаршы метр шатыры қираған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!