Павлодарда мемлекет қаржысын жымқырған шенділер жеті жылға сотталды

10:16, 23 қыркүйек 2021
338

© Сурет: zakon.kz

Павлодарда "Шаңырақ" мәдени-сауық орталығының директоры мен кассиріне қатысты үкім шықты. Олар 2 жыл бойы жалған құжаттар жасап, қазынадан 40 млн теңге үптеген, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда, сотталушылар кінәсін мойындамады. Судья олардың жасы мен шығынның бір бөлігін қайтарғанын ескеріп, жазаны жеңілдеткен.

Гүлсім АҚТАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде, қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы талан-таражға салу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, әр қайсысына 7 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, "Шаңырақ" мәдени-сауық орталығының директорына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі екі жыл бұрын қылмыстық іс қозғаған. Орталық директорының мемлекетке 10 млн теңгеден астам шығын келтіргені және бұл іске басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар екендігі айтылған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!