Павлодарда құм басып қалған 19 жастағы жұмысшы опат болды

11:23, 27 шілде 2021
507

© Сурет: Alcosafe Chile

Павлодар облысының Марғұлан ауылында жазатайым оқиға орын алды, 19 жасар жұмысшыны құм басып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

26 шілдеде сағат 15: 40-та Павлодар облысы, Марғұлан ауылында ЖШС-нің бірінің 19 жастағы қара жұмысшысын шұңқырға су құбырларын төсеу кезінде құм басып қалды. Бозбала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттегілер сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!