Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді

10:08, 23 мамыр 2018
359

Павлодарда өрт шыққан бір бөлмелі пәтерден үш адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Оқиға кеше сағат 20.54-те орын алды. Қатаев көшесі, 11 үйдің бір бөлмелі пәтерінде кір жуу машинасы тұтанып, киімдер жанған. Сол уақытта үйде болған 39 және 47 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен саты арқылы сыртқа шығарылды, - деді департаментте.

Салдарынан ысты газбен уланған үш адам жедел жәрдем көлігімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, алайда медициналық көмектен бас тартқан. Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан. Қазіргі таңда қызыл жалынның келтірген шығын көлемі анықталуда. Қызыл жалын 10 шаршы метр жерге тараған. Үйдегі 75 адам сыртқа құтқарушылардың көмегінсіз шыққан. Оның 25-і - бала. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес өрт сөндіру машинасы мен 18 өрт сөндіруші жіберілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!