Павлодарда героин сатқан 40 жастағы әйел адам ұсталды

10:57, 19 сәуір 2018
451

Павлодарда полицейлер жедел іс-шараларын өткізу барысында есірткі заттарын сатқаны үшін 40 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адамнан жалпы массасы екі граммнан астам героин алынған.

- Ол есірткі затын облыс орталығында сатуды көздеген. Заңсыз айналымнан алынған көк шөптің құны шамамен 10 000 теңгені құрайды, - деді департаментте.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлімімен қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Санкция бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!