Павлодарда ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікпен 17 жастағы бозбала ұсталды

12:34, 20 наурыз 2018
379

Павлодарда «Весна» бағбаншылығының аумағында ер және әйел адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @vpavlodare қауымдастығында жазды. Агенттіктің жолдаған ресми хатына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда полиция адам өліміне қатысты істі тергеу жүргізіп жатқанын жазған.

Криминалдық полицияның қызметкері 17 жастағы күдіктіні ұстады.

- 2018 жылы 16-наурыз күні «Весна» бағбаншылығында 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел адамның денелері зорлық белгілермен табылған. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті тұтқындалған, - деді департаментте.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!