Павлодарда дүкен тонамақ болған ұрыға кассирдің өзі тап берді

12:50, 5 наурыз 2021

© Сурет: informator.news

Павлодарда дүкен тонамақ болған ұрының өзіне кассир тап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыскер ұсталды.

Қалалық полицияның хабарлауынша, 1 наурызда дүкендердің бірінде ер адам сатушыны қорқытып, 120 мың теңгесін алып кеткен.

Қылмыс ізін суытпай, бір сағаттың ішінде ашылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Павлодар облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды, ол бұрын сотты болмаған. Ұрланған қаражат тәркіленді, - деп атап өтті облыстық ПД-дағылар.

Сонымен қатар, ер адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Кенжекөл ауылында ол "Керемет" дүкенін тонамақ болған. Бірақ ол кассирдің қарсылығына тап болып, қашуға мәжбүр болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!