Павлодарда бухгалтер фирманың ақшасын жұмсап жіберді

12:27, 25 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Павлодарда бухгалтер фирманың ақшасын жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, кәсіпкер әйел арыз берген. Оның айтуынша, бухгалтер алты ай ішінде 22 млн теңгені заңсыз иеленген.

Полицейлер анықтағандай, 38 жастағы әйел өзін сенімді қызметкер ретінде көрсете отырып, бірнеше жылдан бері осы компанияда жұмыс істеп келеді. Күдікті бұрын алаяқтық үшін сотталған, - деп нақтылады ПД.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!