Павлодарда бірқатар алаяқтық жасаған күдікті іздестірілуде

17:50, 15 қаңтар 2018

Павлодар қаласы аумағында алаяқтық жасаған күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

- Павлодар қаласы аумағында бірқатар алаяқтық жасауда күдікті ретінде полиция 23.02.1986 жылы туған Крыкбаев Куаныш Атымтаевичті іздестіреді. Егер осы адам туралы ақпарат білген біреу болса Павлодар қаласы Лермонтов көшесі 51/1 мекенжайы бойынша ІІБ Орталық полиция бөліміне немесе 8(7182) 39-15-11, 39-15-43 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз, - деді баспасөз қызметінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!